Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жарылыстан жарақат алған науқастардың жағдайын білу үшін Тараздағы көпбейінді ауруханаға барды. Жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан әскерилер бар. Министр мұндағы медицина мамандарына көмектесуге Алматыдан бірнеше дәрігер келгенін жеткізді. Олар ауыр күйік жарақатын емдейтін комбустиолог, хирург пен реаниматолог. Сонымен бірге аймақтағы ауруханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін айтты.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Кешеден бері өңірде барлық шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Түнде жедел жәрдемнің 36 бригадасы жұмыс істеді. Дәрігерлер барлық ем-домды жасауда. Алматыдан келген мамандар әріптестеріне қосымша кеңес беріп жатыр.
Ақерке Бектас