Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековті еске алуға арналған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековті еске алуға арналған жиын өтті

27.08.2021

Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жасқа толуына орай Түркістанда қайраткерді еске алуға арналған жиын өтті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған шарада ұлты үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаның игі істері сөз болды. Тау тұлғалы азамат Кеңес үкіметі кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесініӊ қайта қалпына келтірілуіне атсалысты. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құрылуына да көп еңбек сіңірді. Министр Ақтоты Райымқұлова осы жәйттерді ерекше атап өтті. Жиында арнайы көрме ұйымдастырылып, түркістандық профессор Құлбек Сәрсенұлының Өзбекәлі Жәнібеков туралы «Ұлттың ұйытқысы» атты естелік кітабы таныстырылды. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібековтың мұрасы алда да өзінің жалғасын табады деп ойлаймын. Сонымен қатар жастарды тәрбиелеуде, өзіміздің егемендігіміздің әрі қарай ұлықтауына Жәнібековтың мұрасы септігін тигізеді деп ойлаймын.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу