Тегін оқу, мол тәжірибе. Елордада қиын жағдайға түскен отбасыларға жан-жақты қолдау жасалып жатыр. Мына аула клубында 18 жастан асқандарға тігін, аспаз, бет әрлеу сияқты 8 мамандық түрінен курс өтеді. Қатысушылардың қатарында сертификат алып, кәсібін жүргізіп кеткендер бар. Бұдан бөлек балаларға арналған 27 үйірме ашық. Спорттық, ағартушылық, вокал және шет тілі бағытында жұмыс істейді. Бос уақытын тиімді өткізу үшін бұл үйірмелерге де аз қамтылған отбасы балалары тегін барады.
Варвара Полякова, жоба үйлестірушісі:Біз қараша айына дейін 500-ден аса адамды жаңа әрі сұраныстағы мамандықтар бойынша оқытып жатырмыз. Сондай-ақ отбасыларды қолдау орталығының 300 қызметкерінің кәсібилігін көтеруді де қолға алдық. Яғни оларды әңгімелесу, мәмілеге келу немесе тіпті мүгедек балалары бар отбасыларға берілетін кеңеске дейін үйретеміз.
Нысаналы Ығыл