Алматылық зиялы қауым өкілдері халыққа қайғырып көңіл айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық зиялы қауым өкілдері халыққа қайғырып көңіл айтады

29.08.2021

Алматылық зиялы қауым өкілдері халыққа қайғырып көңіл айтады. «Тас түскен жеріне ауыр» деген белгілі актер Асанәлі Әшімовпен пен ақын Ұлықбек Есдаулет марқұмдардың жақындарын бекем болуға шақырды.

Алматыда да қала әкімдігі бас ғимаратының төбесіндегі жалау төмен түсірілді. Ұлт руханиятының жанашырлары онсызда коронавирус індеті қатарымызды сиретіп жатқанда, бейбіт заманда жарылыстан қаза тапқандар қабырғамызды қайыстырды дейді.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі: 
Барлығымыздың жүрегімізді қобалжытты. Қабырғамызды қайыстырды. Сонда қаза тапқан азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Мықты болыңыздар.
Ұлықбек Есдаулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы: 
 Аптал азаматтарымыз қайтпас сапарға аттанып кетті. Ұлардай шулап, отбасы, қара шаңырағы қалып жатыр. Біз осы отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Айналайындар бекем болыңдар. Берік болыңдар, сабыр қылыңдар. Ел, жұрт, халық қайғыда жалғыз қалдырмайды. Біз сіздермен біргеміз.

 Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу