Алматы облысында заңсыз балық аулаған 94 азаматқа қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында заңсыз балық аулаған 94 азаматқа қылмыстық іс қозғалды

31.08.2021

Алматы облысының өзен-көлдерінде 8 ай ішінде заңсыз балық аулаған 94 азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған 350-ден астам жағдай тіркелген. Балқаш-Алакөл су бассейніне жүргізілген рейд барысында 1 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық пен 178 тыйым салынған құралдар тәркіленді. 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, табиғатқа 12 млн теңге көлемінде залал келгені анықталды. Балық аулауға рұқсат етілмеген 5 мың метр моножіпті ау өртелген.

Серік Байғозинов, Алматы облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау тобының аға инспекторы: 
Жыл басынан жалпы мыңнан астам экологиялық заңбұзушылықтар анықталып, олар бойынша 94 қылмыстық іс қозғалды. 20-дан астам қайық тәркіленіп алынды заңсыз балық аулаушылардан.


Хабарламаларға жазылу