Екпенің екінші компонентін алмағандар жұмысқа кіргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпенің екінші компонентін алмағандар жұмысқа кіргізілмейді

31.08.2021

Елімізде екпенің екінші компонентін алмағандар ертеңнен бастап жұмысқа кіргізілмейді. Өйткені еліміздің бас санитар дәрігері бекіткен міндетті вакциналау мерзімі ертең аяқталады. Сондықтан бірінші қыркүйектен бастап, вакцинаға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар екпе алмаған болса, жұмысқа ПТР тесттің теріс нәтижесімен ғана кіргізіледі. Айта кетейік бұған дейін Covid-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 10 тамыз, ал екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін алуға қатысты қаулы шыққан еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу