Үкімет басшысы елордадағы жаңа форматтағы мектептердің ашылуына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы елордадағы жаңа форматтағы мектептердің ашылуына қатысты

31.08.2021

Үкімет басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында жаңа форматтағы жалпы білім беретін мектептердің ашылуына қатысты. BINOM School – қазақстандық жалпы білім беру үдерісіне озық әдістемелерді енгізетін жаңа бренд. 2021-2022 жылдары елордада осы форматтағы 6 мектеп ашылады. Әрбір оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушыға шақталған. Оқыту отандық модель мен Финляндия, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы халықаралық жүйелері негізінде ұйымдастырылған. Quantum STEM School жекеменшік желісінің алғашқы инновациялық мектебі 1020 орынға арналған. Мектеп математика, ғылым және инженерия пәндерін тереңдетіп оқытатын Сингапур мен АҚШ-тың үздік оқу әдістемелерінің озық тәжірибесіне негізделген. Мұнда оқушылар жалпы білім беру пәндерімен қатар, интеграцияланған инженерлік бағдарлама, спорттық бағдарламалау, авиамодельдеу және т. б. курстарын меңгереді. Алдағы жылдары бүкіл ел бойынша 20 Quantum STEM School салу жоспарда бар.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу