Сүт өнімдерін таңбалау тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүт өнімдерін таңбалау тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін

31.08.2021

Сүт өнімдерін таңбалау тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер таңбалау жүйесін енгізуге кететін шығынды есептеп, осындай болжам жасап отыр. Айтуынша, Шығыс Қазақстанда сүт өнімінің бағасы 29%-ке өсуі мүмкін. 1 литр сүт 420 теңгеден 600 теңгеге қымбаттайды дейді кәсіпкерлер. Себебі қосымша есепші, таңбаланған тауарды қабылдап алуға жауапты маманның еңбекақысы, кассалық аппаратты құны 1 млн теңге тұратын аппаратқа алмастыру қосымша шығын екенін айтады. Олар таңбалау жүйесін енгізуге қосымша ақша бөлуді сұрап отыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу