ОПЕК+-тің отырысы қарсаңында мұнай арзандап жатыр. Brent бағасы 73 долларға дейін төмендеді. Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ертеңге жоспарланып отыр. Бұған дейін тараптар тамыздан бастап шикізат өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге арттыруға уағдаласқан. ВИЗАРТ Сонымен бірге нарықтағы жағдайды бақылап, талдау үшін ай сайын кездесуге келіскен. Дегенмен рейтерге сұхбат берген Кувейттің мұнай министрі қара алтын өндіру көлемін арттыруға қатысты шешім ертеңгі кездесуде өзгеруі мүмкін дейді.
Ақерке Бектас