Ауыл әкімдерін ғана емес, аудан әкімдерін де енді халық сайлайды. Мұны 2024 жылдан бастап жүзеге асыру көзделген. Сондай-ақ ең төменгі жалақы мөлшері өсіп, еңбек ететіндердің айлығы артады. Осы және өзге де маңызды жәйттерді бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында айтты. Тікелей эфирге шыққан тілшіміз толығырақ айтуға дайын.