Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе азайды

01.09.2021

Атырау облысындағы емханалар бүгіннен бастап науқастарды қабылдай бастады. Бұған дейін індет жұқтырғандар көбейгендіктен медициналық мекемелер жоспарлы жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған еді. Қазір өңірде эпидахуал тұрақталып келеді. Соңғы аптада вирусқа шалдыққандар саны бірден 2 есеге жуық азайды. Өткен тәулікте 149 адамнан инфекция анықталды. Олардың дені қала тұрғындары. Дегенмен стационарларда жағдай әлі де мәз емес. 1320 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 92-сі жансақтау бөлімдерінде. 9 науқастың өмірі қыл үстінде тұр. Соңғы бір аптада 50 адам індеттен көз жұмған.   

Жандос Темірғали 

Хабарламаларға жазылу