Алматы облысында мыңға жуық нысан «Аshyq» жобасының талабын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында мыңға жуық нысан «Аshyq» жобасының талабын бұзған

01.09.2021

Алматы облысында «Ashyq» жобасының талабын бұзған мыңға жуық нысан анықталды. Аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгінде 7894 нысан осы жобамен жұмыс істеп жатыр. «Аshyq» қосымшасы енгізілгеннен бері мониторингтік топтар 3962 ғимаратқа тексеру жүргізген. Оның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған мыңға жуық нысанды анықтады. QR-кодты сканерлеу кезінде «сары» тіпті, «қызыл» мәртебесі бар 1200-ден астам келуші болғаны анықталды. Нәтижесінде облыста ережені елемеген нысандарға 2 млн 362 мың теңгеден астам сомада айыппұл салынды. 54 әкімшілік хаттама толтырылды.  

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу