Байден Ауғанстаннан әскерді әкету жөнінде мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Ауғанстаннан әскерді әкету жөнінде мәлімдеме жасады

01.09.2021

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан әскер әкету шешімін қорғап мәлімдеме жасады. Айта кету керек, америкалық контингент кетіп жатқанда тәліптер Кабулдегі билікті басып алды.

Байденнің сөзінше, ауғанда ұзақ қалу Құрама Штаттардың мүддесіне қайшы болды. Тағы бір сөзінде ол бұрынғы президент Дональд Трампты әскерді шығару туралы тәліптермен келісім жасады деп айыптады.

Қазір Ақ үй басшысының өзі де жауынгерлерді елге дереу көшіріп, ауған үкіметінің құлауына себеп болды деп үлкен сынға ұшырап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу