СҚО-да Өзбекстан азаматы сіреспеден қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да Өзбекстан азаматы сіреспеден қайтыс болды

01.09.2021

Солтүстік Қазақстан облысында аяғына кірген шегеден сіреспе ауруын жұқтырған адам қайтыс болды. Марқұмның Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Шетелдік азамат өткен жылы құрылыста жұмыс істеуге келген. Ол 5 күн бойы медициналық көмекке жүгінбей үйінде ауырып жатқан. Жұқпалы дертке қарсы екпе алған-алмағаны белгісіз.

Арман Күшбасов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Ауыл тұрғыны дер кезінде ауруханаға барса, оны емдеуге болатын еді. Сіреспеден дер кезіндей қойылған вакцина ғана құтқара алады. Оның бактериялары барлық жерде кездесуі мүмкін. Әсіресе топырақ, күл-қоқыс, тат басқан темірлерде болады. Ол ыстық пен антисептикке төзімді. Жұқпапен кез келген адам ауырып қалуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу