Енді еліміздегі эпидахуалға тоқталсақ. Қазір 11 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қауіптің «қызыл» деңгейінде қалып тұр. Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары «сары», тек Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта.
Өткен тәулікте 4 880 адам коронавирус жұқтырды. Вирустық белгілері бар пневмония 46 адамнан анықталды. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 114 науқас қайтыс болды. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 709 мыңнан асты.