Батыс Қазақстанда санитарлық талапты сақтамаған жолаушы тасымалдаушылар субсидиядан қағылып, лицензияларынан айырылады. Себебі, короновируспен ауырғандардың 70 пайызы індетті қоғамдық көлікте жұқтыруы мүмкін. Осыған орай тасымалдаушыларға қатаң талап қойылсын деді облыс әкімі жедел штаб отырысында. Өңірде ауру деңгейі өткен аймен салыстырғанда төмендеген. Алайда жансақтау бөліміне күніне 50 науқас түседі.
Ғали Есқалиев, облыс әкімі:
Ертеңнен бастап шараларды қатайтыңдар. Автоперевозчиктерді лицензияларынан айыру керек. Басшылықты бақылауға алыңдар, тәртіп болмай жатса.
Ардақ Мұратқызы