АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тропикалық Ида дауылынан кейін тасқын жүріп, төтенше жағдай жарияланды. Метро станцияларын, тұрғын үйлер мен жолдарды су басқан. Осыған орай, пойыз, ұшақ қатынастары уақытша тоқтап тұр.
Бірер сағат бұрын түскен ақпаратқа сай, табиғи апаттан 8 адам қаза тапқан. Ұлттық ауа райы орталығының мәліметінше, бір сағатта Нью-Йорктің орталық саябағына 8 сантиметр жауын жауған. Ал, жергілікті полиция тұрғындарға жолға шықпау қажет екенін ескертіп отыр.
Арай Төлегенқызы