Премьер-Министр Airbus концернінің вице-президентімен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Airbus концернінің вице-президентімен кездесу өткізді

02.09.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин Airbus концернінің вице-президенті Альберто Гутьерреспен кездесіп, бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Тараптар Қазақстанда концерн шығаратын әскери және азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсететін және жөндейтін сертификатталған орталық құру жобасын пысықтады. Келіссөз барысында «Ғалам БК» серіктестігі бірлескен кәсіпорнының өнімін Airbus тізбегіне қосу, сондай-ақ, концерн ұшақтарын өндіру үшін қазақстандық шикізатты жеткізу көлемін ұлғайтуға назар аударылды.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу