Екпе салдырмаған қызметкерлерге қатысты талап күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе салдырмаған қызметкерлерге қатысты талап күшейтіледі

03.09.2021

Ендігі аптадан бастап вакцина алмаған қызметкерлер үшін жаңа қаулы әзірленді. Құжатқа жұмыскерлердің штаттық режимде жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгерді. Бұдан былай қызметкерлер вакцинациядан өтпейінше өз жұмыс орындарына қайтып келіп жұмыс істей алмайды. Бұл талап барлық ірі және шағын бизнес орындарымен қатар мемлекеттік мекемелерге де қойылып отыр. Бұл міндет дәріханалар, дүкендер, базарлар, сауда үйлерінің қызметкерлеріне де қатысты. Сондай-ақ тізімге ПТР-тестін алуға міндеттелген жаңа нысандар да енген. Қаулы келесі дүйсенбі күні түнгі сағат 00:00-де күшіне енеді.  

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу