Оралда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің екпе алған студенттері мен қызметкерлері сый-сыяпатқа ие болды. Ұтыс ойынына шипажайда демалуға 50% жеңілдік, оқу ақысына 5% жеңілдік, жатақхананы кезексіз алу, қосымша демалыс, фитнес залға тегін абонемент, тағы басқа сертификаттар тігілген. Жалпы университет ұжымының 93 пайызы және студенттердің 90 пайызы вакцина алған. Білім ордасы Ashyq қосымшасымен жұмыс істейді. Жастар ауру жұқтырмасы үшін аудиторияларда санитария талабы сақталған.
Бақытжан Әлжанов, студент:
Вирустан құтылудың алдын алу үшін және басқаларға үлгі ретінде алғашқылардың қатарында вакцина салдырдым. Алмағандарға екпе алуға кеңес берем. Себебі, екпенің арқасында бұрынғы өмірге қайта оралып жатырмыз.
Ардақ Мұратқызы