Гауһар тас кенішінен улы зат төгіліп, 12 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гауһар тас кенішінен улы зат төгіліп, 12 адам мерт болды

03.09.2021

Анголадағы жергілікті және ресейлік компания басқаратын гауһартас кенішінен улы зат тарап, Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігінде 12 адам қаза тауып, 4500-ден астамы науқастанды.

Резервуардан химиялық сұйық шілдеде төгілген. Соның салдарынан Конгоның Касай провинциясындағы Чикапа өзені қызыл түске боялып, балықтар мен бегемоттар және өзге де жануарлар қырылып қалды. Қазір бұл өзеннің суын ішуге де, балығын жеуге де тыйым салынып отыр. Және де жергілікті үкімет экологиялық апат үшін көрші мемлекеттен өтемақы талап ететінін мәлімдеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу