Микро және шағын бизнеске енгізілген мараторийді алып тастау туралы ұсынысқа кәсіпкерлер қарсы шығып жатыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да мұның негізсіз екенін айтады. Өйткені бұл онсыз да пандемияның кесірінен қиын жағдайда тұрған бизнесті мүлдем шатқаяқтатып жібереді. Айта кетейік, кеше Қаржы министрі шағын бизнесті тексеруге салынған тыйымды алып тастауды ұсынған еді. Өйткені мараторийді пайдаланған кейбір кәсіп иелері табысын жасыру секілді заңсыз әрекеттерге барып жатыр. Десе де кәсіпкерлер палатасындағылар, салық инспекторлары тарапынан қазір де тексерулердің болып тұратынын айтады.
Шыңғыс Темір, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл ұсынысты қолдамайды. Өйткені микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізілгенімен салық органдары тарапынан тексеріс жүргізуге болатын жағдайлар да қарастырылған. Мораторийді алып тастау, бизнесті дамытуға бағытталған мемлекет басшысының шешіміне кереғар деп ойлаймын.