Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Ақтастағы Ахико» фильмінің түсіру жұмыстары басталды. Туындыны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсіріп жатыр.
Шынайы оқиғаға негізделген кең ауқымды жобада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұтқынға түскен Жапонияның әскери училищесінің курсанты АхикоТэцуроның өмір жолы мен тағдыры баяндалады. Ол Берлинге қарсы шабуылға қатысқан, содан кейін Жапон соғысына жіберілген қазақ Ақажанмен кездеседі. Ақажан да «сатқын және халық жауы» ретінде сотталып, тұтқынға алынған еді. Екі тағдыр, екі әлем. Бір соғыстың екі жауынгері бетпе-бет келеді. Ақанжанның рөлін сомдаушы актер Сырым Қашқабаевтың сөзінше бұл оқиға оған ерекше әсер қалдырған.
Сырым Қашқабаев, театр және кино актері:
Маған қатты ұнаған оқиғасы ол кісінің Жапония еліне кетіп, бірақ Қазақстанды сағынғандығы. Қазақ халқының кеңпейілдігін сағынғандығы жүректі тебірентетін оқиға ғой. Сондыөтан осы жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын.