Қарағанды облысында 5 жасар бала ойын алаңында тоққа түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 5 жасар бала ойын алаңында тоққа түсіп қалды

06.09.2021

Қарағанды облысы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы ауылында 5 жасар баланы тоқ соқты. Орталық демалыс саябағында ойнап жүрген балақай жарық бағанын қолмен ұстаған сәтте оны электр тоғы ұрған. Салдарынан сол қолы күйіп қалды. Бүлдіршінге дәрігерлер алғашқы жәрдем көрсетіп, үйіне жіберген. Жағдайы бірқалыпты. Біраз уақыт амбулаторлық ем қажет етеді. Бұл жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Аудандық дәрігерлермен балаға алғашқы медициналық көмек беріліп, амбулаторлық ем қабылдау үшін ата-анасына жіберілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін нақты кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу