«Алматы электр станциялары» жұмысшыларының 92,3% вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы электр станциялары» жұмысшыларының 92,3% вакцина алды

06.09.2021

«Алматы электр станциялары» компаниясы қызметкерлерінің 92,3 пайызы вакцина алған. Ал денсаулығы жарамайтындардың қолында арнайы анықтамалары бар. 3 мыңнан аса тұрғын еңбек ететін алпауыт компанияның өндіріс орындары, соның ішінде жылу электр орталықтары елге індет келгелі бір сәтке де жұмысын тоқтатпаған. Ковидпен күреске байланысты өткен жылы қатаң шектеулер қабылданғанда, жұмысшылар пәтер, азық-түлік, мед-қорғаныс құралдары мен өзге де қажет заттармен қамтылған. Бұл бастамаларға компания жұмысшыларының 88 пайызы мүшелік ететін кәсіподақ ұйымы мұрындық болған. Қазір мұнда шектеу шаралары қатаң сақталған. Кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, екпе науқаны басталғанда мамандар вакцинаның пайдасы жөнінде арнайы түсіндіру жұмыстарын да жүргізген.

Серік Тымбаспаев, «Алматы электр станциялары» кәсіподақ ұйымының төрағасы:
Жұмысшылар түсінді бізді. Бұл республика бойынша өтіп жатқан дүние ғой. Сондықтан олар өте жауапты қарады. Қазір әр станциямызда Ashyq жүйелері жұмыс істеп тұр. Біз жұмыс берушімен де тығыз жұмыс істейміз. Өйткені біз кәсіподақ ұйымы ретінде осы ұжымдық шартты қадағалап отырамыз.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу