Түркістан облысына QazVac вакцинасының 50 мың дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына QazVac вакцинасының 50 мың дозасы жеткізілді

06.09.2021

Түркістан облысына отандық QazVac вакцинасының 50 мың дозасы жеткізілді. Жалпы вакциналау басталғалы бері аталған өңір 816 мың доза екпемен қамтамасыз етіліп, 770 мыңға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Екінші компонентін 621мың адам қабылдап үлгерген. Қазір облыс аумағында 141 екпе салу пункті ашылып, қызмет көрсетуде. Аймақта сондай-ақ 1 млн-ға жуық адам ПТР тест тапсырып, тексеруден өткен. Ал, соңғы тәулікте тек 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. 

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу