Алматыда 388 науқас жансақтау бөлімінде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 388 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

06.09.2021

Алматыда коронавирус жұқтырған 4 жарым мыңдай науқас ем алып жатыр. 388-і жансақтау бөлімінде болса, 56 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал соңғы тәулікте 1085 адамнан вирус анықталды. Бір күнде ауруханаға түскендер емделіп шыққандардан екі еседей көп дейді дәрігерлер. Шахарда соңғы тәулікте 5 мыңға жуық адам екпе салдырды. Осылайша вакцинаның екі компонентін алғандар саны 770 мыңға жуықтады. Олардың 110 мыңдайы 60 жастан асқандар. Айта кетейік, жуырда қалаға отандық QazVac вакцинасының 80 мың дозасы жеткізілді. 

Хабарламаларға жазылу