Мемлекет басшысы цифрлық үкімет офисіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы цифрлық үкімет офисіне барды

06.09.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық аналитикалық және цифрлық трансформация орталықтарын, ұлттық жобалау офисін қамтитын Цифрлық үкімет офисінің жұмысын бастауға рұқсат берді. Мұнда бастапқы талдауды автоматтандыру, болжамдар мен даму сценарийлерін әзірлеу, қол жеткізілетін мақсатты көрсеткіштерге төнетін қауіптерге мониторинг жасау және анықтау қызметтері, сондай-ақ басқа да жұмыстар жүзеге асырылады. Цифрлық трансформация орталығы мемлекеттік органдардың жұмыс үдерісін өзгертіп, оларды цифрлық форматқа ауыстырумен айналысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Ішкі және сыртқы сауда жөніндегі талдау платформасы таныстырылды. Аталған платформа азық-түлік бағасын онлайн режимде бақылауға және болжауға мүмкіндік береді. Халықтың екпе алу қарқынын бақылауға арналған жоба да назардан тыс қалмады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу