БАҚ өкілдеріне арналған сөздік жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдеріне арналған сөздік жарық көрді

06.09.2021

Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған жаңа сөздік таныстырылды. Кітапқа елімізге тарайтын 50-ден астам республикалық арналар, радио, газет пен порталдардың 2 мыңнан астам қате қолданыстары енген. Жинақта орынсыз, қате қолданылған мысалдармен қатар дұрыс нұсқалары да кездеседі. Төрт ай бойы БАҚ өкілдеріне мониторинг жүргізген тіл мамандары көрген-түйгендерін жеке кітап етіп шығарды. Кездесуге қатысқан депутаттар тіл тазалығы назардан тыс қалып бара жатқандығын жасырмады. Күнделікті өмірде көптеп пайда болып жатқан электрондық құралдар сөйлеу мен жазу мәдениетіне нұқсан келтіруде деген пікірде.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ұялы телефонның кеңінен жайылуына байланысты бір-біріне хабар беретін, мәтін жазатын адамдар жүздеген есе көбейіп кетті. Соның әсерінен жалпы тілді қолданушылардың сауат деңгейі төмендей бастады. Сол бірте-бірте енді бұқаралық ақпарат құралдарына да ауысу қаупі бар. 


Хабарламаларға жазылу