190 мың отбасы зейнетақы ақшасын банктегі есепшотына аудара алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

190 мың отбасы зейнетақы ақшасын банктегі есепшотына аудара алады

07.09.2021

Елде 190 мың отбасы зейнетақы қорындағы артық ақшасын үй сатып алу үшін «Отбасы банкіндегі» есепшотына аудара алады. Отбасы банк өкілдері Президент бастамасы жыл соңына дейін іске асатынын хабарлады. Олар әсіресе жас жанұяларға тиімді мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен бірге жыл сайын 15 мың отбасы зейнетақы жинағында жеткілікті мөлшерден асқан соманы депозитте сақтай алады. Бүгінге дейін 260 мыңға жуық азамат қордағы ақшасын пайдаланды. Жалпы сомасы 1,4 трлн теңгенінің 46 проценті 36-45 жас аралығындағы тұрғындарға тиесілі. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу