Теміртаудағы жылу энергия орталығында жұмысшы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы жылу энергия орталығында жұмысшы қайтыс болды

08.09.2021

Теміртаудағы жылу энергия орталығында 25 жастағы жұмысшы тоққа түсіп қаза тапты. Электрослесарь болып еңбек ететін ол серігімен бірге электр-қозғалтқыштар аумағында жөндеу жұмыстарын атқарып жүрген. Әріптесі марқұмды желдеткіш маңында жатқан жерінен тауып алды. Көмек көрсетуге ұмтылғанымен, ажалдан арашалап қалу мүмкін болмаған. Қазір оқыс оқиға бойынша еңбек инспекциясының арнайы комиссиясы тексеруді бастады.

Сондай-ақ Атырау облысының Құрманғазы ауданында 11 жасар баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті. Бала жансақтау бөлімінде, дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр дейді. Жасөпірім орталық саябақтағы жарық бағанасын ұстап қалғанда тоққа түскен. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу