Жамбыл облысында эпидахуал тұрақталып келеді. Шілде-тамыз айларында тәулігіне 250 адамға дейін кеселді жұқтырса, қазір індеттің таралу көрсеткіші бір жарым есеге дейін төмендеген. Дегенмен, жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқандар бар. Қазір реанимацияда барлығы 125 адам ем қабылдауда. Өңірде барлығы 582 мың адамға вакцина салу жоспарланса, қазір 400 мыңнан астамы екпенің бірінші компонентін қабылдаған. Облыс сары аймаққа өткенмен, көпшілік жиналатын жиындар мен отбасылық мерекелерді атап өтуге рұқсат жоқ.
Бағлан Қыдырбаев, Жамбыл облыстық санитарлық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Отбасылық мерекелерді, туған күн мен тойларды өткізіуге әлі рұқсат жоқ. Тек қана қазіргі уақытта «Aшық» бағдарламасымен жұмыс істейтін нысандарға еске алу кештерін өткізуге рұқсат беріп отыр. «Қызыл аймақта» 30 адам болатын болса, «сары аймақта» 50 адамға дейін.