Депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін есептеу әдісін өзгертуді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін есептеу әдісін өзгертуді сұрады

08.09.2021

Бүгін депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін есептеу әдісін өзгертуді сұрап, Үкіметке сауал жолдады. Айтуларынша жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсетіні қуанышты жаңалық. Десе де Ұлттық экономика мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері бұл сомманы неге сүйеніп шығарып отырғаны белгісіз. Өйткені қоғамдық зерттеу институтының мамандары бір адамға айына 89 мың теңге қажет екенін есептеген. Оның үстіне мәжілісмен ең төменгі жалақы мөлшері 3 жылда бір өсетінін, ал азық-түлік бағасы мен түрлі төлемдердің жиі қымбаттайтынын айтады. Сол үшін еліміздегі жалақы көлемін халықаралық конвенцияға сай есептеп шығару керек дейді. Яғни азық-түлік себеті мен азаматтардың өзге де қажеттіліктеріне мән беру қажет. Сонда 60 мыңнан әлдеқайда көп ақша шығады дейді депутат. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу