Солтүстік Македонияда госпиталь өртеніп, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Македонияда госпиталь өртеніп, 10 адам қаза тапты

09.09.2021

Солтүстік Македонияда коронавирусқа шалдыққандар емделетін аурухана өртеніп, кемінде 10 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Тетово қаласында болған. Госпиталь сәрсенбі күні кешкісін қызыл жалынға оранды. Мамандар өртті бір сағатқа жетпей сөндірді. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, құрбандар саны мұнан да көп болуы мүмкін. Себебі бірнеше пациент ауыр халде жатыр. Премьер-министр Зоран Заевтың сөзінше, өртке жарылыс түрткі болса керек. Қазір оқыс оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу