Вице-премьер Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-премьер Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарымен танысты

10.09.2021

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов әскери қоймалардағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданының тұрғындарына көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Вице-премьер сапар барысында кентті қалпына келтіру толық қарқынмен жүргізіліп жатқанына көз жеткізді.

Бұл шараларға 185 адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылған. Қазірдің өзінде 62 жеке құрылыстың жөндеу жұмыстары аяқталды. Жібек жолы ауылында 150 орындық жаңа мектеп салу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, Үшбұлақ және Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу