БҚО-да басқарма қызметкері жалған нөмір тағылған көлік айдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да басқарма қызметкері жалған нөмір тағылған көлік айдаған

10.09.2021

Батыс Қазақстанда басқарма қызметкері қызметтік көлікке жалған нөмір тағып, түнде жолда жүрген жерінен ұсталды. Әрі ол медициналық куәландырудан бас тартқан. Яғни6 алкоголь ішкен-ішпегенін тексеруге келіспей, полицейге бағынбаған. Кейін бұл азаматтың облыстық жер қатынастары басқармасында жүргізуші болып қызмет ететіні белгілі болды. Қазір оның үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушілерге 33 хаттама толтырылған.


Хабарламаларға жазылу