Үрмелі аспапта ойналған әскери әндер ардагерді бір серпілтіп тастады. Қайырлы Қошқабаев 5 баладан 7 немере, 14 шөбере сүйіп отыр. Ендігі арманы шөпшек көріп, соның маңдайынан иіскесем дейді.
Қайырлы Жосқабаев, ардагер:Мені құттықтап жатыр. 100-ге келдің деп. Бұл құттықтаулар мені шабыттандырады. Енді тағы өмір сүруіме тура келеді.
1941 жылы Отанын қорғауға аттанған қазақ сарбазы небјрі 20 жаста болатын. Калининград майданында, Москва түбіндегі және Ржев шайқасына қатысып, алапат соғыстың бар тауқыметін көрді.
Әсия Қалманбетова, Қайырлы Жосқабаевтың қызы:Өзі білікті, еңбекқор адам. Әкеміз сексен жасқа дейін саяжайға барып, бақша жұмыстарымен шұғылданып жүрді. Айтады ғой спортпен шұғылдану керек деп. Өзі қимылды, қозғалысты жақсы көреді.
Майдангер пулеметші соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Сондай-ақ, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», және ІІ дәрежелі «Отан соғысының» орденімен, «Ерлігі үшін» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.
Қуан Нұрақын