Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендеді

14.09.2021

Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Соңғы аптада Қазақстанда індет жұқтырғандар саны аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін кеміген. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы эфирге қосылып, мәселені тарқатып айтып берсін. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Қазір ауру жұқтырғандардың да ауырып жатқандардың да саны азайған. Ауруханалардың жүктемесі 56 дан 35 пайызға дейін төмендеді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында Инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан қайта жабылды. Соңғы аптаның ішінде аурудан емделіп шыққандардың саны ауру жұқтырғандарға қарағанда 1,5 есе көп.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Өңірлердің қызыл аймақтан шығуы ұлғайды. Қазірдің өзінде сары аймаққа 5 өңір, атап айтқанда Шығыс, солтүстік, батыс, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Сонымен қатар түркістан облысы жасыл аймақта. Қазіргі басты міндетіміз қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейін орнықты төмендеуіне қол жетізу. Бұл үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды Павлодар, Ақмола облыстарында.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Асқар Мамин білім беру мекемелерінде санитарлық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек деді. Елімізде 7 млн 100 мыңнан астам адам вакцинаның 1-компонентін алған. Бұл екпемен қамтылуы тиіс халықтың 71,5 пайызын құрайды. 2-компонент 5,9 млн-нан астам адамға салынып, көрсеткіш 60 пайызға жуықтады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алексей Цой Қазақстандықтарды вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз үлесін қосуға шақырды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу