Әлем елдері Ауғанстанға 1, 2 млрд доллар көмек беруге уағдаласты. Донорлардың «Талибан» бақылауындағы мемлекетке жәрдемдесетінін
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Женевада өткен халықаралық конференция соңында жариялады. Айта кетсек, ол осы мақсатқа 606 миллион доллар сұраған еді. Хатшының дерегінше, қазір Ауғанстан тұрғындарының үштен бірі ертеңгі асын қайдан табарын білмей отыр.
Жалпы алғанда, ел халқының жартысы немесе 18 миллиондай ауғандық гуманитарлық көмекке мұқтаж. Олардың саны қуаңшылық пен қаржы тапшылығына байланысты иәрі қарай да көбеюі мүмкін.
Ауғанстанда «Талибан» билігі тамыздың ортасында орнады. Содан бері мұнда экономикалық дағдарыс тіпті күшейіп, шетелдегі есепшоттар жабылып, жергілікті халықтың жағдайы мүлде нашарлап барады.
Арыстан Рысбек