Қазақстанда жарты жыл ішінде кәмілетке толмаған 105 бала суицид жасаған. 193 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген. Бұл балалар құқығының тиісті деңгейде қорғалмауы мен кибербуллингтің әсері дейді мамандар. Сондықтан Мәжіліс бүгін балалар құқығы жөнінде заң жобасын қарады.
Құжатта балалардың білімі, медициналық көмек алуы, психологиялық, эмоционалды қысым көрмеуіне қатысты нормалар бар. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
«Келесі отырысқа дейін жетілдіріп, жаңа ұсыныстар қосу қажет», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Оңғар Алпысбайұлы