Ауғанстанда 14 млн адамға ашаршылық қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда 14 млн адамға ашаршылық қаупі төніп тұр

15.09.2021

Ауғанстандағы «Талибан» лидерлері арасында үкімет құру мәселесінде үлкен дау шықты. Мұны осы қозғалыстың өкілдері «Би-би-си» телерадиокорпорациясына берген сұқбатында растады. Олардың сөзінше вице-премьер Молла Абдул Ғани Барадар мен Босқындар ісі жөніндегі министр Халил әр-Рахман Хаккани президент сарайында бір-біріне дөрекі сөздер айтып жатқанда, олардың жақтастары жақын маңда қақтығысқан. Тіпті Барадар қайтыс болды деген қауесет тарады. Алайда, үкімет басшысының орынбасары аудиожазба жариялап, онда өзінің іссапарда жүргенін және жағдайының жақсы екенін айтқан. «Талибанның» дерегінше, Барадар шаршағандықтан, тынығу үшін Қандағарға кетті.

Тәліптер билікке тура бір ай бұрын келді. Қазір олардың алдында тереңдеп бара жатқан экономикалық дағдарысты еңсеру міндеті тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бұл мемлекетте бүгінде 14 миллиондай адам ашаршылық қаупіне душар болып отыр. Ал, Кабул тұрғындарының айтуынша, тәліптер басшылыққа келгелі Ауғанстанда ұрлықпен бірге нан да жоғалып барады.))

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу