Жаһан жұрты Қазақстанның көміртегінен арылу жобасын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаһан жұрты Қазақстанның көміртегінен арылу жобасын қолдайды

15.09.2021

Қазанның 4 мен 8-і аралығында Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет Дүниежүзілік энергетика апталығы өтеді. Жиынға штаб пәтері Брюссельде орналасқан Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснак арнайы қатыспақ. Сапар барысында бас хатшы Қазақстанға, Атырау өңіріне инвестиция құю бойынша бірқатар келіссөздер жүргізуді көздеп отыр. Айтуынша, жаһандық қауымдастық Президент Тоқаевтың 2060-жылға қарай көміртегінен арылу жобасын қуана қолдайды. Президенттің биылғы Жолдауындағы Батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы да өте орынды дейді саясаткер.

Урбан Руснак, энергетикалық хартияның бас хатшысы:
Мұнайды өзінен бөлек, Еуропаға, жаһан елдеріне тасымалдап отырған өңірдің инфрақұрылымын дамыту, табиғи отынды пайдалану өте маңызды. Бұл-көміртегінің атмосфераға бөлінуін азайтып, Қазақстанның Париж келісімі бойынша өз міндетеммелерін кіршіксіз орындауына мүмкіндік береді. Көмірді газға ауыстырудың арқасында ұсақ бөлшектердің қоршаған ортаға таралуы төмендейді. Бұл ауаның тазаруына,тиісінше, халықтың еркін тыныс алып, еркін өмір сүруіне көмектесері сөзсіз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу