Қарағанды облысында Күн электр станциясының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында Күн электр станциясының құрылысы басталды

07.06.2017

Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ, қуаттылығы 100 МВт болатын Күн электр станциясының құрылысы басталды. Келесі жылдан бастап 370 мың Күн панелі іске қосылады. Мұндай ауқымды жобаның құрылысына 140 миллион еуро инвестиция құйылмақ. Бүгінде Саран қаласында электр энергиясына қажеттілік жылына 10 МВТ-тан аспайды. Жоспар жүзеге асса, Саран секілді тағы он қаланы қуат көзімен қамтуға мүмкіндік туады. Осы орайда «SES Saran» компаниясы мен Саран қаласы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Маңызды нысанның құрылысын бастау рәсіміне облыс әкімі Ерлан Қошанов қатысып, баламалы энергетика саласын дамыту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.  

Хабарламаларға жазылу