Маңғыстау облысында 20-дан астам мектепте 22 сынып карантинге жабылды. Оқушылардан коронавирус инфекциясы анықталған. Балалардың вирусты отбасы мүшелерінен жұқтырғаны белгілі болды. Індетке шалдыққан балалардың сыныптарында зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп, сыныптастары 2 апта қашықтан оқуға жіберілді. Өңірде соңғы 1 аптада 1 мыңға жуық науқас тіркелді. Облыс «қызыл» аймақта.
Аягөз Оралбайқызы