Қызылорда облысында өңір тұрғындарының 70 пайыздан астамы екпе алған. Бүгінде аймақта індет жұқтырғандар қатары күннен күнге азайып келеді. Ерікті түрде екпе салдырғандардың бірі - 79 жастағы сырдариялық ардагер Қамар Рүстемов. «Сақтансаң сақтайды» деген нақылды ұстанған қария жақында вакцинаның бірінші дозасын қабылдады. Денсаулығыма ешқандай кері әсерін тигізген жоқ, дейді ардагер. Бүгінде ауру-сырқаудан аман, немере-шөбересінің ортасында. Үлкен шаңырақтың отбасы мүшелері де толықтай екпе алған. Жалпы облыста 40 мыңға жуық зейнеткер коронавирусқа қарсы вакциналаудан өткен.
Әділбек Серікұлы