Шығыс Қазақстанда бұрын қару-жарақ сақталған қойма 6,5 млн теңгеге сатылды. Нысан аукцион арқылы саудаланды.
Электрондық сауда алаңында бастапқы бағасы 69 млн теңгеге бағаланған. Қойма Алтай ауданы қаржы бөлімінің балансында болған. Ол «Қазцинк» серіктестігінің аумағында орналасқан. Бұрынғы қару-жарақ қоймасы қаңтардан бері үш рет саудаға шығарылды. Нысанның жаңа иесі туралы Электрондық сауда алаңында да ақпарат жоқ.
Ақерке Бектас