Аргентина астанасы Буэнос-Айресте ондаған мың адам шеруге шығып, кедейшілік пен жұмыссыздыққа наразылық білдірді. Акцияны Еңбекшілер партиясымен байланыстағы «Поло Обреро» деген қоғамдық ұйым ұйымдастырған.
Бұл мемлекетте экономикалық дағдарыс пандемиядан тіпті күшейді. Соның салдарынан қазір жергілікті халықтың 42 пайызы кедейшілікке ұшырап, жұмыссыздық деңгейі 10 пайыздан асып отыр.
Демонстранттардың ойынша, үкімет әлеуметтік бағдарламалар мен қоғамдық жұмыс орындарын көбірек ашып, тегін асханаларға жәрдемді күшейтуі керек. Министрлер кабинеті болса, биыл экономикалық өсімді 7 пайызға жеткізіп, рецессияны артқа тастауға уәде беріп отыр.
Арыстан Рысбек