Ливандағы «Хезболла» шииттік қозғалысы АҚШ-тың санкциясындағы Ираннан жанар-жағармай тасымалдай бастады. Осының салдарынан бұл елдің өзі де халықаралық шектеуге алынуы мүмкін.
Отын көрші Сирия жағалауына тоқтаған кемеден 20 танкермен тасылып жатыр. Ливанда энергетикалық дағдарыс қаржы тапшылығынан басталды. Және де мұнда ұлттық валюта 90 пайызға құнсызданып, халықтың төрттен үш бөлігі кедейшілікке ұшырап отыр.
Бензиннің таусылуына оны импорттауға қажетті валюта тапшылығы себепші. Сонымен қатар, қазір Ливанда дағдарыс кесірінен талай әлеуметтік мекеме мен ауруханалар жабылып жатыр.
Арыстан Рысбек