Мемлекеттік индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған өндіріс орыны құрғақ құрылыс қоспалары мен гипс шығарады. Зауыттың жалпы құны - 3 млрд. 900 млн. теңге. Қазір 70-ке жуық адам жұмысқа тартылған. Өндіріс толық қуатына шыққан кезде жұмысшылар саны екі есе артпақ.
«Бұл жоба елдегі құрылыс индустриясының дамуына серпін беруі тиіс, себебі, өндіріске заманауи технология енгізілген. Тиісінше, өнімнің сапасы жоғары», - дейді мамандар.
Тараздан шыққан құрылыс қоспалары отандық нарықпен ғана шектелмейді. Өнімді Өзбек, Қырғыз елдеріне де экспорттау жоспарланған.