ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

20.09.2021

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта науқастар мен медициналық қызметкерлердің келісімінсіз фото және видеоға түсіруді шектейтін тармақтың күші жойылғаны жазылға. Яғни, енді медициналық мекемелерде, жедел жәрдем көліктерінде және карантинге жабдықталған ғимараттарда түсірілім жасауға кедергі жоқ.

Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің үйде көмек көрсетуі немесе індет кезінде эпидемиологиялық тергеу жүргізуде және сауалнама толтырғанда да бөгет жасалмауы шарт. Бұдан бөлек қаулыда COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдарды оқшаулау тәртібі көрсетілген. Және науқаспен байланыста болатын адамдарға қатысты қандай шаралар қолдану қажеттігі де қамтылып отыр.  


Хабарламаларға жазылу